17.10.2021
  169


Автор: Исраил Сапарбай

Өне бойым өршiп тұр

Өне бойым өршiп тұр,
Тұла бойым тершiп тұр.
Түндiгiңде Ай балқып,
Кiндiгiңде көлшiк тұр…
Өртенген кiм, күйген кiм?
Ертегiдей күйге ендiм.
Қабырғаңнан сөгiлдiң,
Қамырдайын илендiң.
Таңдай кеуiп, құрғап тiл,
Əлсiн-əлсiн үн қаттың…
Бəденiңдi базарлап,
Əлемiңе шым баттым.
Шамырқандым, шарқ ұрдым,
Шамға ұмтылдым-шарпылдым.
Сабыр таппай сарқылдым,
Ауа жетпей алқындым.
Алақандай ашылдың,
Ақ моншақтай шашылдың.
Шалқып барып шаршадым,
Балқып барып басылдым.




Пікір жазу