17.10.2021
141
Қайта тудым
Қайта тудым,
Қайта ойнадым.
Қайта тұрдым,
Қайта ойладым.
Құз басында айқайладым,
Қыз қасында тəй-тəйладым.
Сенiң күлкiң жарасымды,
Менiң тұрқым бала сынды.
Тайып кетсем «табалайтын»
Тапқан екем жанашырды!
Сақ-сақ күлiп мəз боласың,
Нəркес көзбен назданасың.
Əлтек-тəлтек еттi-ау менi
Айдындағы аз ғана сын.
Наздан,
Мəз бол,
Күл, мазақта..,
(Кiм күлмеген бұл қазаққа)
Күллi азабың татыр ма екен
Балдан тəттi бiр лəззатқа?!
Исраил Сапарбай Исраил Сапарбай өлеңдері Исраил Сапарбай шығармашылығы қайта тудым қайта тұрдым бала сынды