17.10.2021
175
![](/uploads/shorttexts/author_image/34f961878e9caa842f7929d590d77c33.png)
Борпық қарды борбайлап
Борпық қарды борбайлап,
Соқа басым сорқайнап,
Жаның күйгiр жастықтан
Кетiп қаппын шалғайлап.
Басқа шауып балдай бақ,
Жəннат, лəззат жан жайлап,
Мамырдағы майсадай
Тамырдағы қанды ойнат!
Таң шапағы қарда ойнап,
Тəттi ұйқыға қанбай ғап,
Мен жатайын жаныңда
Əлсiз жанған шамдай боп…
Соқа басым сорқайнап,
Жаның күйгiр жастықтан
Кетiп қаппын шалғайлап.
Басқа шауып балдай бақ,
Жəннат, лəззат жан жайлап,
Мамырдағы майсадай
Тамырдағы қанды ойнат!
Таң шапағы қарда ойнап,
Тəттi ұйқыға қанбай ғап,
Мен жатайын жаныңда
Əлсiз жанған шамдай боп…
Исраил Сапарбай Исраил Сапарбай өлеңдері Исраил Сапарбай шығармашылығы Жастық шақ кетті шалғайлап әлсіз қалған шамдай боп