17.10.2021
  189


Автор: Исраил Сапарбай

Қайда Ай, Күн?

Қайда Ай, Күн?
Қайда айдын?
Қайда бақ?
Қар жауып тұр мамық, үрпек, майдалап.
Құдайым-ау, ендi қашан көктем кеп,
Ендi қашан көңiл құсы сайрамақ?..
Ендi қашан мамырайқан жасыл бақ
Екеумiздi ел көзiнен жасырмақ?
Ертегiдей… ақыл-естен айырып
Ендi қашан əппақ гүлдер ашылмақ?
Ендi қашан етек-жеңi аядай
Екеумiзге есiк ашар Саяжай?:
Арманымды ақ бесiкте əлпештеп,
Ардағымды отырар ма ем аялай…
Танакөзiн ашып-жұмып сан жұлдыз,
Таң алдында қалжырармыз, қалғырмыз…
Сағымдағы Сағынышым болмағай
Жанымдағы жамылғысыз жалғыз Қыз?
Құдайым-ай,
Түсiп кеттi-ау бəрi еске…
Салқын сабат сарқындыдай, кəне, ессе!
…Қиял – менiң көгiмдегi көкдөнен,
Арман – менiң белiмдегi нəресте.
Қар жауып тұр…
Бабында əлi кəрi Ақпан,
Қансонармен қанжығасын қанатқан.
Келте өмiрдi ертегiңмен ұзартып,
Ертеңiмдi есiркей гөр, Жаратқан!..




Пікір жазу