17.10.2021
396
ӘКЕ
Әке сені сағындым, сағынамын,
Қасиетіңе табынамын.
Шуақ шашқан жанарың елестейді,
Өзіңді ойлап қамығамын.
Жан едің дәті берік желікпеген,
Пір тұтып еліктегем.
Сендегі асқан биік парасатқа,
Қалтықсыз сеніп келем.
Қайырмасы:
Сендей адам барма маған,
Айтыңдаршы қайдан табам
өмір жалған.
Сенім артқан қамқор панам,
Сынай қарап тұрғандайсың
Әке маған.
Өзің жаққан оттанмын алаулаған,
Арманың жалау маған.
Көңілің тұнық көлдей мөлдіреген,
Баршаға қалаулы адам.
Өшіргем жоқ отыңды шырағыңмын,
Баптаған пырағыңмын.
Асқар тауым өзіңнен бастау алған,
Мөп-мөлдір бұлағыңмын.