ҚОЙШЫ ҮЙІНДЕ ҚОНАҚТА
1
Бұрғы салған құдығына,
Сораптаған қара май,
Тарам, тарам құбырлармен.
Ағып жатыр аралай.
Қайда барар деген оймен,
Жүріп келем саралай.
Кең даланың көк жусанын,
Табаныммен жаралай.
Сыйқырлысың неткен көктем,
Шөл далада көгерген.
Жусан аңқып жұпар сепкен,
Қызғалдағын терер ме ең.
Жол мұраты жету деген,
Тартып келем азабын.
Көзім шалып қуанғаным,
Қырдың шопан қазағын.
Көк теңіздей құла түзді,
Бір-ақ өзі мекендеп.
Тосын келген жолаушыға,
Қарады кім екен деп.
Амандасып қариямен,
Саулық сұрап көрістім.
Жұмыс бабын сұрап болып,
Бабын айтты өрістің.
Кемелердей жүзіп жүрген,
Маңғаз басқан түйелер.
Ботақаны еркелей ме?
Енесіне сүйенер.
-Геологтардан қалған анау,
Артизанды иемденіп.
Бақша егіп арқа бетке,
Арық салып жөндедік.
Балам болса Қырық кепеге,
Кеткен еді сенделіп.
Ішім пысты жалғыздықтан,
Жақсы қылдың сен келіп.
Отар қойы көлеңке іздеп,
Жанасып жүр тіреліп.
Таяқ тастам жерде үйім,
Ал, жолаушым, жүрелік.
2
Нән шарамен күлкүлдетіп,
Ағаш шөміш батырып.
Келісті ана ақ шұбатты,
Отыр баппен сапырып.
Күн қақтаған әжім жүзі,
Даусы неткен байсалды.
Қарияның әңгімесі,
Көкейіме ой салды.
-Білесің бе?
Естіп пе едің?
Ау, шырағым,бұл маңды.
Көңіл бөлсең мына құмда,
Талай жұмбақ сыр бар-ды.
Құбыладан құмға сіңіп,
Бара жатыр күн батып.
Көкжиекті қанға бөккен,
Найза нұрын жүр тартып.
Жаугершілік бір заманда,
Елдің қаны төгіліп.
Жоңғар таудан бермен қарай,
Жаудан қашқан шегініп.
Хабар жетіп барлық жұртқа,
Қазақ түгел жыйылып.
Батырларым бас қосыпты,
Аруақтарға сыйынып.
Тыныш жатқан бейбіт елге,
Өзі келіп ұрынған.
Қалың жоңғар осы жерде,
Бірі қалмай қырылған.
Жау жасағын құмға тығып,
Шөлге ұрынған аты арып.
Кеткен содан қанды жазық,
«Қалмақ қырған» атанып.
3
«Қалмақ қырған»жазығында,
Он-он бестей жыл бұрын.
Бұрғышылар мұнай іздеп,
Қазған кезі бір қырын.
Ол кезде де көктем еді?
Бағып жүргем қой анық.
Қалғып бірде кеткен екем,
Шошып тұрдым оянып.
Жатқан жерім қозғалғандай,
Тұла бойым дірілдеп.
АН-2 екен төмен ұшқан,
Зор дауысы гүрілдеп.
Құйын ба екен, жел соқты ма?
Айналамды шаңға орап.
Бөкен, киік зымыраған,
Ал ұшақтан от борап.
Сайда жатқан отар қойым,
Үркіп қалған үрпиіп.
Бер жағында ана киік,
Ұшып түсті оқ тиіп.
Жерде жатқан анасына,
«Тұр» дегендей лағы.
Жәудіреген мөлдір көзі,
Қалқайып тек құлағы.
Өзге киік жетіп келіп,
Қағып өтті төсімен.
«Ілес маған, шығар-дей ме,
-Өз анаңды есіңнен.
Жүр дегендей асықтырып,
Аяғымен тебініп.
Кеудесімен қалқалайды,
Артқа кейін шегініп.
Көлегейлеп жүзе берді,
Киік лағы теңізбен.
Аңыраған жетімекті,
Бөтен киік емізген.
Киелі аңның түйсігіне,
Жағамды мен ұстадым.
Аңшыларға қаным қайнап,
Ашу оты қысқаны.
Ұшақпенен киік атқан,
Әз-әзілдің ермегі.
Оққа ұшқан олжаларын,
Ешкім келіп термеді.
Көрші шопан Қасымбекте,
Бағар малмен жанбасын.
Быт-шыт болған АН-2 нің,
Көрдім деген қаңқасын.
Айтып болып әңгімесін,
Күйге түсті бір сынық.
Біраз үнсіз отырды да,
Қойды қартым күрсініп.
Құмкөл 1993 жыл