17.10.2021
130
![](/uploads/shorttexts/author_image/2021-10-18-00-05-39.png)
Біздің елде....
Біздің елде санасаң көп ғылым бар,
Әр салаға бөлінеді салымдар.
Не машина, не қондырғы соқпады,
Тек шикізат сатқанына таңым бар.
Темекісін тартар жайлап сораптап,
Бірі шағып әзілдейді мазақтап.
Бірі жарын, бірі үйін ойлайды,
Айлап көрмей жүргеннен соң далақтап.
Қарай көрші асығының тұрғышы,
Қас батырдан кем түспейді бұрғышы.
Ауыр еңбек шынықтырған шымыр қып,
Мұңаймаса болғаны жан құрбысы.
Қалжырап кеп құлайды төсегіне,
Түс көргенін айтады кеше міне.
Балаларын көріпті анасымен,
Одан асқан бақыт жоқ есебінде.
Қара сөзді айтпаса да келтіре,
Сайратады тілді ойдың еркіне.
Дөрекілеу көрінгенмен өздері,
Берік олар айтқан әрбір сертіне.