Вагон
Вагон іші жарқырап бір жайнаған,
Бұрғышылар әңгімесі қайнаған.
Аластаған бөлме ішін шылыммен,
Сырын айтып өткен күнге бойлаған.
Бірі айтса талай қызды құшқанын,
Арақ ішіп лағып кеткен тұстарын.
Бірі айтады көше кезген түндерде,
Талай батыр жұдырықтан ұшқанын.
Бірі аңқылдақ, өр көкірек біреуі,
Әңгіменің ағытылар күрмеуі.
Саясатты сапырамыз қымыздай,
Мамандыққа тоғысады тіреуі.
Шалғай елдің бұрғысын сөз етеді,
Пультте отырып барлығына жетеді.
Кнопконы басып тұрсаң болғаны,
Автоматтар жұмыс істеп кетеді.
Қондырғысы БУ-75 орыстың,
Қиын күнде бізге талай болыстың.
Жоғарыда ауыр құбыр тартам деп,
Жауырыным қақпақтай боп толыстым.
Кубалдасыз мұнда ісің өнбейді,
Ломмен тіреп көп нәрсені жөндейді.
Архимедтің ричагін білгендер,
Бұл арада оңайлықпен өлмейді.
Жігіттер де автоматтан кем емес,
Құбырлардың тұтша белі түк емес.
Қара суық, жаңбыр жаусын, жел тұрсын,
Дауыл соқсын болсын мейлі бір егес.
Жарты тәулік тыным таппай жүргені,
Колоннаны жеткізіп тұр ілгері.
Дер кезінде жеткізілсе цемент,
Қара майдың ағытылар ілгегі.