17.10.2021
  107


Автор: Дәркен Танабаев

Есімі де құпиядан....

Есімі де құпиядан сыр ашқан,
Сағым дала Сандық таумен ұласқан.
Көліктердің жүрегіне жан берер,
Қара мұнай қасиетін кім ашқан?
Қымбат мұнай жер ананың қанындай,
Бойға қуат нәр беретін жанындай.
Уа, адамдар, ойланыңдар бір сәтке,
Көз тоймайтын аш көздікке салынбай.
Керек десең мұнай-өмір тіршілік,
Залалына жүрсе де адам тұншығып,
Бүкіл әлем бағып отыр көз алмай,
Бағасы да шарықтаған ушығып.
Олар үшін емес мұнай құр шығын,
Арсыз АҚШ қадайды өктем тұмсығын.
Орнатам деп бар әлемге үстемдік,
Өзге елдерге көрсетеді қырсығын.
Айтар болсам табиғаттың дерегін,
Жер ананы қорлап жатыр дер едім.
Адамзаты нені ойлап таппайды,
Қара алтыннан алады бар керегін.





Пікір жазу