КАВКАЗ
Құзар шыңдар, сұр жартастар тәкаппар,
Кәрі Кавказ қалай ер ғып өсірдің.
Таң қаламын айтылса да лақаптар,
Өр мінезді ұлдарыңды кешіргін.
Шеңгел тормен уысында ұстамақ,
Оған төзбес жүректегі алауың.
Етегіңде сұм айдаһар қыстамақ,
Күйретем деп еркіндіктің жалауын.
Қара құзғын қаптағанға жасыма,
Аспаныңда қыран құстар қалықтар.
Әлі-ақ келер бақыт құсы басыңа,
Ерлеріңе күн туады шарықтар.
Жер жетпей ме? Кремльге білмеймін,
Өз үйінде бандит болды ол саған.
Үрейленген шешендердей күлмеймін,
Іштен тынып халық жатыр боздаған.
Сен жоғары қойма орыс ұлтыңды,
Намысыңды тұрма текке қоздырып,
Қан жүктемей қойсаңшы сен сылтыңды,
Шешен жұртын жібердің ғой тоздырып.
Маңдайының соры қалың қаралы,
Қанға бөгіп жасқа толды етегі.
Қарт Кавказдың ет жүрегі жаралы,
Кектендірме доғар енді жетеді.
Бәрін көрген әккі орыс солдаты,
Автоматтың ажал оғын сеппесін.
Демократияның осы ма екен алды арты,
Ашуланып Кавказ тұрып кетпесін.