16.10.2021
153
Көз алдымнан сағымдай сен көшкелi
Көз алдымнан сағымдай сен көшкелi
Айдарымнан аңқылдап жел де еспедi.
Қарашадан қаймығып қайтқан құстар
Қайта айналып көлiне келмес пе едi?..
Жабыққанда табылмай жанашырым,
Жалғыздықтың сезiндiм жаңа сырын.
Жүрегiмнiң түбiне түсiп кеттi
Жəудiреген жақұттай қарашығың.
Көзiң менде,
Ал өзiң... шалғайдасың,
Жазылмаған жанбысың маңдайға шын?
Өз қағынан құлан да безбеушi едi..,
Хабарыңды берсеңшi, қандай жансың?
Айдарымнан аңқылдап жел де еспедi.
Қарашадан қаймығып қайтқан құстар
Қайта айналып көлiне келмес пе едi?..
Жабыққанда табылмай жанашырым,
Жалғыздықтың сезiндiм жаңа сырын.
Жүрегiмнiң түбiне түсiп кеттi
Жəудiреген жақұттай қарашығың.
Көзiң менде,
Ал өзiң... шалғайдасың,
Жазылмаған жанбысың маңдайға шын?
Өз қағынан құлан да безбеушi едi..,
Хабарыңды берсеңшi, қандай жансың?
Исраил Сапарбай Исраил Сапарбай өлеңдері Исраил Сапарбай шығармашылығы көз алдымнан сен кеткелі хабар бер