16.10.2021
182
![](/uploads/shorttexts/author_image/34f961878e9caa842f7929d590d77c33.png)
Ағашқа қаққан сынадай
Ағашқа қаққан сынадай
Арамызға енiп нең бар, Қыз?
Жай бiлгiң келсе сұрамай –
Жаратқан жалғыз, мен жалғыз!
«Қайтатын жол жоқ райдан,
көнемiн» – десең өзiң бiл.
Құдайдың құлын құдайдан
Бөлемiн десең, өзiң бiл.
Алқара аспан, маң дала
Үйi ғой бiздей пенденiң.
Адамға емес, Аллаға
Боласың ендi сен келiн!
Арамызға енiп нең бар, Қыз?
Жай бiлгiң келсе сұрамай –
Жаратқан жалғыз, мен жалғыз!
«Қайтатын жол жоқ райдан,
көнемiн» – десең өзiң бiл.
Құдайдың құлын құдайдан
Бөлемiн десең, өзiң бiл.
Алқара аспан, маң дала
Үйi ғой бiздей пенденiң.
Адамға емес, Аллаға
Боласың ендi сен келiн!
Исраил Сапарбай Исраил Сапарбай өлеңдері Исраил Сапарбай шығармашылығы ағашқа қаққан сынадай қыз құдай