16.10.2021
  150


Автор: Исраил Сапарбай

Лебiзiңе сенiп ем шырын, майда

Лебiзiңе сенiп ем шырын, майда,
Кешегi айтқан уəдең бүгiн қайда?
Келiссек те кергiмей, керi кетiп,
Келмей қойды-ау дүние бiр ыңғайға.
Кенде емес ең ақыл мен ойға мүлде
Бостандығың бодансыз бойға мiн бе?..
Есiгiңнiң тұсына менi ерiксiз
Қарауылдай қаздитып қойғаның не?
Құладүзге көз сүзген Құнажыным,
Ұнай қойған жоқ маған бұл «əзiлiң».
Жер түбiне жетелеп кеттi ме, əлде
Желiкқұмар кешегi бұла жының?..




Пікір жазу