16.10.2021
144
Тынысымды тыңдашы
Тынысымды тыңдашы,
Тынышымды ұрлашы.
Оңашаға шақырып,
Орамалың бұлғашы.
Толқын шашың өрiлсiн,
Күмiс күлкiң төгiлсiн.
Құлын денең құлшынып,
Құшағыма көмiлсiн.
Қунап, тулап құс кеуде,
Бiлмей қалып түс пе, өң бе –
Перiштедей ғайыптан
Ұқсай қалшы түскенге!
Тынышымды ұрлашы.
Оңашаға шақырып,
Орамалың бұлғашы.
Толқын шашың өрiлсiн,
Күмiс күлкiң төгiлсiн.
Құлын денең құлшынып,
Құшағыма көмiлсiн.
Қунап, тулап құс кеуде,
Бiлмей қалып түс пе, өң бе –
Перiштедей ғайыптан
Ұқсай қалшы түскенге!
Исраил Сапарбай Исраил Сапарбай өлеңдері Исраил Сапарбай шығармашылығы тынысымды тыңда толқын шаш күміс кұлкі