16.10.2021
830
Сені көргім келеді де тұрады
Көзмоншақтай көлдiң көркем құрағы,
Махаббаттың мың бiр мақам құрамы,
Тағдырымның таусылмайтын сұрағы –
Сенi көргiм келедi де тұрады.
Сезiмiмнiң шырын-шəрбет бұлағы,
Қиялымның қияңдағы жұмағы,
Жүрегiмнiң, тiлегiмнiң сыңары –
Сенi көргiм келедi де тұрады.
Есiмдi алған есiл жалған тұмары,
Үмiтiмнiң өшiп-жанған шырағы,
Көңiлiмнiң басылмайтын құмары –
Сенi көргiм келедi де тұрады...
Махаббаттың мың бiр мақам құрамы,
Тағдырымның таусылмайтын сұрағы –
Сенi көргiм келедi де тұрады.
Сезiмiмнiң шырын-шəрбет бұлағы,
Қиялымның қияңдағы жұмағы,
Жүрегiмнiң, тiлегiмнiң сыңары –
Сенi көргiм келедi де тұрады.
Есiмдi алған есiл жалған тұмары,
Үмiтiмнiң өшiп-жанған шырағы,
Көңiлiмнiң басылмайтын құмары –
Сенi көргiм келедi де тұрады...
Исраил Сапарбай Исраил Сапарбай өлеңдері Исраил Сапарбай шығармашылығы сені көргім келеді Көркем тағдыр