16.10.2021
  246


Автор: Исраил Сапарбай

Жарасар қолаң шашың тал бойыңа

Жарасар қолаң шашың тал бойыңа,
Толықсып Ай қонғандай маңдайыңа.
Уылжып жаңа пiскен, жарқыным-ай,
Жiгiттiң кез боларсың қандайына?..
Тұрсың-ау тиiп кетсе үзiлгелi,
Кызығып кiмдер саған сүзiлмедi.
Құбылған қыз қылығын құптайтындай
Қызғылтым жұқа бояу жүзiңдегi.
Тұрсың-ау түртiп қалса төгiлгелi,
Қарбыздай қақжарылып бөлiнгелi.
Шым етiп қалғандай ма кеуде тұсым,
Дiр етiп қалғандай ма көңiл көлi?..




Пікір жазу