16.10.2021
  497


Автор: Мұхаммед (ﷺ) пайғамбар

Пайғамбарымыздың (с.а.у.) романтикалық өмірінен бір үзік сыр - 6 сабақ

АЛТЫНШЫ сабақ. Махаббат – тек тәтті сезім ғана емес... Өмір тек қуаныш пен махаббаттан тұрмайды. Кейде қиындыққа төзіп, барға қанағат етіп, сабыр сақтайтын кезеңдер де кездеседі. Расулалла (ﷺ) үйінде апта былай тұрсын, тіпті айлар бойы ошағында қазан асылмайтын. Айша анамыз бір сөзінде: «Айлар бойы ошаққа от жақпаған кездеріміз болды», – деген. Оның (ﷺ) отбасында сол кезеңдерде су мен құрмадан басқа тіске басар ештеңе болмаған екен. Алайда Айша анамыз осынау таршылық уақытта пайғамбарға (ﷺ) шағым айтпаған, аштықтан қиналғаны туралы жұртқа тіс жармаған. Ашаршылық пен кедейшілікке сабыр сақтаған. Барлық іс Алланың қалауына тәуелді болса да олар қуанышты да, қайғыны да бірге бөлісе білді.





Пікір жазу