16.10.2021
424
Пайғамбарымыздың (с.а.у.) романтикалық өмірінен бір үзік сыр - 5 сабақ
БЕСІНШІ сабақ. Әйелдің қате-кемшіліктерін көркем түрде түзеу... Бірде Айша анамыз пайғамбарды (ﷺ) қызғанып, оның басқа әйелі беріп жіберген тамақ салынған ыдысты сындырып қояды. Бұған куә болғандар мұсылмандардың анасынан мұндай қылықты күтпеген еді.
Сол мезетте Расулалла (ﷺ) жанындағыларға бар болғаны: «Мұсылмандардың анасын қызғаныш билеп алды», – деп оқиғаны жылы жауып, мәселені көркем түрде жақсылыққа қарай ауыстырып қойды. Өзін ұстай алды әрі әйелін ұстамдылыққа тәрбиелей білді. Кекшілдік емес, кеңшілік жасады. Жамандықты жақсылыққа ауыстыру дегеннің хикметі осында жатса керек.