16.10.2021
  103


Автор: Дәркен Танабаев

АМАЛБЕК АҒАҒА

Еліктеп әрі тамсанып,
Қараймын ұшқан қыранға.
Қорғасам деймін жан салып,
Әр ісін қосып ұранға.
Азамат атың бір басқа,
Қайсарлық жөнің бір бөлек.
Таңбасын басқан көк тасқа,
Бабалар сені тұр жебеп.
Намысын ұстап биікке,
Ойлайсың халық атаны.
Өзіңдей өжет жігітке,
Батырлар берген батаны.
Қайнаса намыс жігерің,
Тұрмайсың артын ойланып.
Сол кезде сені білемін,
Кетесің отқа айналып.





Пікір жазу