16.10.2021
135
МҰҚАҒАЛИ МАҚАТАЕВҚА
Дара шапқан желдей жүйрік тарланым,
Өлмес өлең жазу еді арманың.
Ғұмыр намаң тұнық жырдан өрілген,
Көкейіңнің құйыпсың сен бар нәрін.
Қаламыңа шалқар шабыт бақ дарып,
Асау мінез адуынмен ақтарып.
Тасқын жырың өр өзендей екпінді,
Жүректерді тұсаулаған жатталып.
Уын беріп тағдыр тоспас шекерін,
Үмітіңнің ұғындың ба бекерін.
Жай отындай көкті тіліп жасының,
Сезіндің ба уақыт заулап өтерін.
Ырысыңды қайтарыпты сонар күн,
Ортамызға өлең болып оралдың.
Cаумал жырың емге ішкен дәрідей,
Асыл аға!
Арнау өлең жоралғым.