16.10.2021
185
Қалқам
Қалқам, қалқам айта көрме бекініп,
Өтірік сөз тұрады ылғи көпіріп.
Қанша берік жасырғанмен ішіңе,
Шындық өзі шыға келер кекіріп.
Не табарсың айтқанменен жекіріп,
Не керегі сайтанға ұқсап секіріп.
Өз-өзіңді алдайсың да бекерге,
Санды соғып қаларсың тек өкініп.