16.10.2021
350
ӘКЕМЕ
Үнсіз ұғар сыр жатыр арамызда,
Көз қадайсың жұмбақтау балаңызға.
Қыран құстай қалықтап ұша ала ма?
Деген сұрақ тұрғандай санаңызда?!
Асау белес, тайғақ жол, жетімекпін,
Тірлігімді тірнектеп өзім жеттім.
Ешкімге де тіленіп барғаным жоқ,
Дегендейсің бәріне өзің жеткін.
Қалт жібермей қорисың мекеніңді,
Жоғалтпайсың бір сәтке секеміңді.
Гүдірейіп қарайсың арыстандай,
Сездіресің патшамыз екеніңді.
Тұрғаннан соң әрине мысың басып,
Отырғаным мысықтай түсім қашып.
Генералды көргенде тыпырлайтын,
Солдаттаймын саптағы тұрған сасып.