16.10.2021
  119


Автор: Дәркен Танабаев

Балалықтан жігіттікке

Балалықтан жігіттікке өтетін,
Махаббаттан жүрегіме жан кіріп.
Ғашық жүрек арманына жететін,
Қиылыста кетші өмірім қалдырып.
Отыратын ағымыздан жарылып,
Балғын шақ-ай жасаттырған сан бүлік.
Дос пейілі көрмеген еш тарылып,
Қиылыста қалдыр мені мәңгілік.
Сан тағдырдың сан жалына жармасып,
Құрбы достар қайда кеткен шетінен.
Мәңгі көктем гүлдеп тұрған жалғасып,
Балғын шаққа оралыңдар өтінем.
Қу тірліктің соңынан да ермес ем,
Тәуекел деп сынамас ем бағымды.
Тартып алды, өз еркіммен бермес ем
Жастық атты албырт алау шағымды.





Пікір жазу