16.10.2021
  138


Автор: Дәркен Танабаев

Көргенмін сені...

Көргенмін сені сонау күз айында,
Болатын қоңыр салқын түз бойында.
Сарғайған жапырақтар желмен ұшып,
Сырласып жатқан еді жер қойнында.
Жанарың жалт еткен де қарай алмай,
Көзімді тайдырғанмын төмен қарай.
Ай қабақ, жұмыр танау, оймақ ерін,
Нұрланып күлімдеген екі арай.
Көйлегің қалған екен сәл ашылып,
Көзіме екі күмбез тұр басылып.
Аса бір кербездікпен қымтай бердің,
Жүрегім тулап кетті аласұрып.
Жаныма шоқ түскендей тоқтай қалып,
Тағдырға мен ішімнен тұрғам налып.
Жігітің қасыңдағы мұздай қарып,
Ал өзің өте бердің оттай жанып.
Кеудеме еніп кеттің отқа айналып.





Пікір жазу