16.10.2021
170

Махаббатсыз өткен күндер...
Махаббатсыз өткен күндер, бос күндер,
Жүрек мұңы шағылмаған тас түндер.
Қайдасыңдар арулар-ай, ақ гүлдер,
Күн туа ма махаббатқа маспын дер.
Неге сезім, неге жүрек дір етті,
Сүйсең, сүйгін Төлегендей Жібекті.
Сүю деген мың қасірет, мың қайғы,
Сүйе алмасаң жаралама жүректі.