16.10.2021
  177


Автор: Исраил Сапарбай

Сен менің көңілімді таба алмадың

Сен менiң көңiлiмдi таба алмадың,
Табамын деп таусылды амалдарың.
Көлгiрсiп, масаң күлiп, майысқанмен,
Көрсеттi жасандылық жанарларың.
Сенделiп келген сəтте серi-көңiл,
Пенделiк көрсеттiң де ерiмедiң.
Құлайды саған көңiл анда-санда,
былайғы өмiрiңнен не бiлемiн?
Не бiлем?
Түк бiлмеймiн!
Бiлгiм де жоқ.
Сенiмен бiрге емеспiн, жүрмiн бөлек.
Өзiм де қызықпын-ау,
қыр-сырыңды
қалайша бiлмек едiм бiр күнде кеп?
Ешкiмге берiлмеген, көрiнбеген
Перiштем,
Перизатым,
Перiм деп ем,
Қалайша қателескем?
Қалады екен
бiр атым насыбайдан көңiл деген.
Қайтемiн ауызға алып насыбайды,
Сен маған бола алмадың басыбайлы.
...Бүйiрiн арғымақтың бүгiндерi
Бауырмал басқа бие қасылайды...




Пікір жазу