16.10.2021
  153


Автор: Дәркен Танабаев

Естідім де....

Естідім де даусыңды,
Кеудем толды сезімге.
Тағат менде таусылды,
Бар арманым өзіңде.
Жүректесің мәңгілік,
Маңдайымда сор қалың.
Тұрғандайсың паң күліп,
Сүйем деуге қорқамын.
Бір күндері ұғысып,
Ғашық болсаң сен маған.
Жасар едім тырысып,
Бар ғажапты мен саған.
Жанарымда жазылған,
Байқамайсың әсте сен.
Байқасаңда білдірмей,
Жүргеніңе бәстесем.
Сені үздіксіз ойлаймын,
Келер сыр да бөліскім.
Бақытым деп санасаң,
Мен бәріне келістім.
Қасқыр көрген бөкендей,
Келсең еді шошымай.
Тәтті сүйген сәбидей.
Сүйем сені осылай.





Пікір жазу