16.10.2021
182
Қараша күздің айы
Қараша күздің айында,
Кездестік біздер ұяң қыз.
Балаушы ем сұлу қайыңға,
Мұңайтты сені күрең күз.
Сезімнің соңғы үміті,
Қалғандай саған күрмеліп.
Бар десе сүйген жігіті,
Мұңайдым салқын түнеріп.
Көрікті ең аққу келбетті,
Құралай көзді, кекілді.
Жақындай қалсам қасыңа,
Үркуші ең бөкен секілді.
Тіл қатпай кетіп барасың,
Алшақтап жатыр арамыз.
Жүректе мәңгі қаларсың,
Аман бол сол бір қара қыз.