16.10.2021
  109


Автор: Дәркен Танабаев

Шуағымен бар....

Шуағымен бар әлемді,
Пәк сезімге бөлеген.
Жібек сынды сұлуымды,
Мен іздеген Төлеген.
Қара түндей бұрымыңды,
Қиялымда тарқаттым.
Келші жаным Шырын болып,
Мен аңсаған Фархатпын.
Ғашық оты жүрегім де,
Махаббаттың наз мұңы.
Сен сүймесең Ләйлі болып,
Мен жынданған Мәжнүні.
Махаббаттың тіліменен,
Жыр сыйладым еркем деп.
Жазып қалқам, есіміңді,
Қостым оған Дәркен деп.





Пікір жазу