16.10.2021
  140


Автор: Дәркен Танабаев

Тағдырдың жолы...

Тағдырдың жолы таралған,
Ұмыту оны мүмкін бе.
Өткенге үнсіз оралам,
Жетпеген сыр бар бұл күнге.
Қызықты күндер қимаған,
Еске алып соны жұбанам.
Көзіңе күлкі сыйлаған,
Сәттерім үшін қуанам.
Сызданған күндер аз бе еді?!
Себебін іздеп үңілем.
Жарақат салған жаныңа,
Сәттерім үшін түңілем.
Бақытты күндер қуаныш,
Өкініш қалды қаншама.
Жақсылығымды жұбаныш,
Жамандығымды ар сана.





Пікір жазу