16.10.2021
153
Түн балладасы
Арудың арбады ма тəнi ашылып,
Айрылды ақыл-естен бала шыбық.
Келiншек кең төсекте керiледi,
Шамасын шалажансар шарасы ұғып.
Емiндi ебедейсiз ерiнге ерiн,
Талайғы тапқандайын емiн көңiл.
...Елестеп екi көзге ерi өттi ме,
Егiлдi ендi бiрде ебiл-дебiл.
Нəркес көз,
нəзiк жанар,
нала кiрпiк
қарайды терезеге, далаға үркiп.
Салтынан ақиықтың айнымауға
Алқынар алабұртып бала бүркiт...
Ақ бəден,
көрген сайын үр дененi,
Тылсымға тiлi үйренбей күрмеледi.
Арасын өң мен түстiң айыра алмай
Балаша былдырлайды бiрдеңенi...
Тiрлiктен түк хабарсыз түктi бала
Өмiрдiң мəнiн, дəмiн ұқты жаңа.
Бас бермей кететiнiң бар-ау сенiң,
Бал сезiм, əлсiзге де, мықтыға да!
Ал, жесiр,
жас шыланған кiрпiгiне
Бiр ысып, бiр суынып, iркiлуде.
Жыландай ирелеңдеп исiнедi
Бiле алмай берiлгенiн ырқы кiмге.
Апырай, кеудесiнде жан бар ма едi?!
Жетпей тұр ес жиярға əл-дəрменi.
Есiне емiс-емiс оралғандай
Ерiмен ерте өткiзген бал дауренi...
Ерi жоқ...
Көрбiлте күн, көмескi алды.
Ендеше кiмдi көрiп, ненi еске алды?
Алды-арты қап-қара түн!
Ақ қанатын
жая алмай əлдеқайда елес қалды...
Көп болды айналғалы ерi елеске,
Еншi алған ел шетiнен ерегесте...
Егiлген көңiлiне ем iздесе –
Жеңiлген жас жесiрдiң жерi емес пе?:
«Кеше гөр,
О, жаратқан, кiнəлама,
Жанымда жатқаны үшiн мына «бала».
Қайтейiн ұшып кетсе қолдан құсым,
Қайтейiн түсiп кетсе жыл араға?..
Кеше гөр жаннаттағы жар-қосағым,
Артыңда қалт-құлт етiп қалды ошағың:
Күн сайын жалаңаяқ жар басамын,
Түн сайын əзəзiлмен арбасамын.
Əзəзiл алды, мiне, жеңдi, мiне.
Етпе айып, екi жалған, ендiгiме.
Кеше гөр келiнiңдi, ғайып-анам,
Кеше гөр бейбағыңды, кең дүние.
Кеше гөр...» –
Жалынышты жесiр үнi
қайталай бергенi, Алла-ай, несi мұны?
Еркiнен мүлде айырып бара жатыр
Ес-түссiз бозбаланың есiрiгi.
«Дегбiрдi мына неме мұнша алады,
Саябыр тапса неттi бiр шамалы?..» –
Тозақта тəнi өртенiп жатса-дағы
Тағдырға қарсы келер мұрша кəнi?
Əлдене əлiн құртып, есiн арбай,
Не болып, не қойғанын кеш ұғардай,
Ағынан Алла алдында жарылса да,
Жас жесiр жатты өзiн кешiре алмай...
Айрылды ақыл-естен бала шыбық.
Келiншек кең төсекте керiледi,
Шамасын шалажансар шарасы ұғып.
Емiндi ебедейсiз ерiнге ерiн,
Талайғы тапқандайын емiн көңiл.
...Елестеп екi көзге ерi өттi ме,
Егiлдi ендi бiрде ебiл-дебiл.
Нəркес көз,
нəзiк жанар,
нала кiрпiк
қарайды терезеге, далаға үркiп.
Салтынан ақиықтың айнымауға
Алқынар алабұртып бала бүркiт...
Ақ бəден,
көрген сайын үр дененi,
Тылсымға тiлi үйренбей күрмеледi.
Арасын өң мен түстiң айыра алмай
Балаша былдырлайды бiрдеңенi...
Тiрлiктен түк хабарсыз түктi бала
Өмiрдiң мəнiн, дəмiн ұқты жаңа.
Бас бермей кететiнiң бар-ау сенiң,
Бал сезiм, əлсiзге де, мықтыға да!
Ал, жесiр,
жас шыланған кiрпiгiне
Бiр ысып, бiр суынып, iркiлуде.
Жыландай ирелеңдеп исiнедi
Бiле алмай берiлгенiн ырқы кiмге.
Апырай, кеудесiнде жан бар ма едi?!
Жетпей тұр ес жиярға əл-дəрменi.
Есiне емiс-емiс оралғандай
Ерiмен ерте өткiзген бал дауренi...
Ерi жоқ...
Көрбiлте күн, көмескi алды.
Ендеше кiмдi көрiп, ненi еске алды?
Алды-арты қап-қара түн!
Ақ қанатын
жая алмай əлдеқайда елес қалды...
Көп болды айналғалы ерi елеске,
Еншi алған ел шетiнен ерегесте...
Егiлген көңiлiне ем iздесе –
Жеңiлген жас жесiрдiң жерi емес пе?:
«Кеше гөр,
О, жаратқан, кiнəлама,
Жанымда жатқаны үшiн мына «бала».
Қайтейiн ұшып кетсе қолдан құсым,
Қайтейiн түсiп кетсе жыл араға?..
Кеше гөр жаннаттағы жар-қосағым,
Артыңда қалт-құлт етiп қалды ошағың:
Күн сайын жалаңаяқ жар басамын,
Түн сайын əзəзiлмен арбасамын.
Əзəзiл алды, мiне, жеңдi, мiне.
Етпе айып, екi жалған, ендiгiме.
Кеше гөр келiнiңдi, ғайып-анам,
Кеше гөр бейбағыңды, кең дүние.
Кеше гөр...» –
Жалынышты жесiр үнi
қайталай бергенi, Алла-ай, несi мұны?
Еркiнен мүлде айырып бара жатыр
Ес-түссiз бозбаланың есiрiгi.
«Дегбiрдi мына неме мұнша алады,
Саябыр тапса неттi бiр шамалы?..» –
Тозақта тəнi өртенiп жатса-дағы
Тағдырға қарсы келер мұрша кəнi?
Əлдене əлiн құртып, есiн арбай,
Не болып, не қойғанын кеш ұғардай,
Ағынан Алла алдында жарылса да,
Жас жесiр жатты өзiн кешiре алмай...
Исраил Сапарбай Исраил Сапарбай өлеңдері Исраил Сапарбай шығармашылығы Нәзік Кірпік келіншек жас жесір