16.10.2021
  169


Автор: Исраил Сапарбай

Кездессем азын-аулақ

Кездессем азын-аулақ,
Көңлiңнiң назын аулап
қаламын мен.
Күн санап түрленетiн,
Көктеммен бiр келетiн,
Лала гүл ме ең?!
Мөлдiреп қарашығың
Елжiреп қарашы бiр,
Қалқатайым.
Баса алмай дiрiлiмдi,
Бiлектей бұрымыңды
тарқатайын...
Көлдегi қайыққа ұқсап
Айдынға жайып құшақ,
тербетiлем.
Жалындай жастығымның,
Бақытқа мас күнiмнiң,
келбетi ме ең?!




Пікір жазу