16.10.2021
293
Ғажайып сезім
Ғажайып сезім сыйладың,
Жаныма әсем жан кіріп.
Есімді содан жимадым,
Болсыншы солай мәңгілік.
Бақыттан басым айналды,
Жұпарың естен тандырып.
Жүрегім енді жайланды,
Болсыншы солай мәңгілік.