16.10.2021
  233


Автор: Дәркен Танабаев

Аңсағаным

Аңсағаным осы еді ғой, осы еді,
Жалғыз жүрген күнім құрсын кешегі.
Мен іздеген арман гүлдің бұл күнде,
Бүршік атып гүл жарыпты шешегі.
Тек өзіңді бұл әлемде қалаймын,
Ақ таңымдай нұрланып жүр арайлым.
Қуанамын қайғырамын өзің деп,
Аққуыма айдындағы балаймын.





Пікір жазу