16.10.2021
162
Жәудіреген қара көзің...
Жәудіреген қара көзің тұңғиық,
Тереңіне тартып алар мұң құйып.
Жанарыңнан күннің нұры шашырап,
Қара кірпік қасқайыпты тым биік.
Жанып тұрған, сұлулығың ақ алмас,
Мінсіз жанға ешкім кінә таға алмас.
Айдай сұлу ақ жүзіңнің ажарын,
Көрген адам көзін қадап ала алмас.
Тал шыбықтай тіп-тік екен тұл бойың,
Тал бойыңда түнеп қалар бар ойым.
Бар өнерін аямаған табиғат,
Өзіңменен болар ма еді бір тойым.
Шұғыладан көрінеді құла таң,
Құла таңды жаңа атқан ұнатам.
Тағат таппай тыныштығым бұзылған,
Түнді өзіңді ойлауменен ұзатам.