16.10.2021
178
Бота
Бота көзің ұясына батқанда,
Күннің нұрын кірпіктерің жапқанда.
Ғажайып мұң махаббаттың әлемі,
Сиқырымен жұмағына тартқанда.
Жүрегім де тек өзіңді қалайды,
Әлемдегі ең асылға балайды.
Қос жанарым бір өзіңе телміріп,
Тек өзіңе елжіреумен қарайды.