16.10.2021
239
![](/uploads/shorttexts/author_image/2021-10-18-00-05-39.png)
Есімде жаным, есімде,
Есімде жаным, есімде,
Жеткізгем алғаш хатымды.
Болмысың тұнып жүректе,
«Қалқа» деп жазғам атыңды.
Сүреңсіз күндер өтуде,
Үмітсіз елес алдаған.
Жабырқау жыным күтуде,
Бір сезім бізді жалғаған.
Әлімде келмес емдеуге,
Жүремін үнсіз самарқау.
Сөнбейді бірақ кеудемде,
Өзің деп соққан жанартау.