16.10.2021
122
Ұнағың келді о баста,
Ұнағың келді о баста,
Айлаңды бірден асырдың.
Жүрекке терең үңіліп,
Ішіне шоқты жасырдың.
Көзіңнен көрдім сол шоқты,
Күлкіңмен соны үрледің.
Тостың да ыстық ерніңді,
Сезімді билеп күрмедің.
Өртедің мені бір демде,
Өзім де дәмін қаладым.
Дүрсілдеп кетті жүрегің,
Дүрсілін соққан санадым.