16.10.2021
109
Өшірмек болдым, су септім,
Өшірмек болдым, су септім,
Тежеп те көрдім отымды,
Сезімім мені құл етті,
Қойғандай кесіп сотымды.
Отырдың күліп жүректе,
Құл еттің ырық бермедің,
Ырқыңа көндім еріксіз,
Қан болып бойды кернедің.
Көңілін жанның жықпаған,
«Ақылды мені билесін».
Абайдың сөзін ұқпаған,
Қырсықтың кидім жейдесін.