16.10.2021
  187


Автор: Дәркен Танабаев

Жүрегімді табындырған,

Жүрегімді табындырған,
Аяулыма не десем.
Сағынышым сағындырған,
Бұрылмадың неге сен?
Жалғыздықтан жабықтым ба?
Тек өзіңсің аңсарым.
Өн бойыма нұр дарытқан,
Күн көзіңді аңсадым.
Көгендеуге көндікпегем,
Шерге толар жүрегім.
Жүрегімнің сарсаң болған,
Таба көрші бір емін.





Пікір жазу