meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  16.10.2021
  182


Автор: Дәркен Танабаев

Жаңбыр жауып басылмады,

Жаңбыр жауып басылмады,
Сен де күліп қарамадың.
Ақ жауынға малындым да,
Бақты жалғыз араладым.
Мөлдіреген жанарыңнан,
Нәр алып мен келіп ем.
Күлім қаққан қабағыңнан,
Бақытымды көріп ем.
Сыңғыр күлкің қымбат маған,
Оны қазір мұң қаптаған.
Не сыр барын ұға алмадым,
Жүрегіңді тыңдат маған.





Пікір жазу