16.10.2021
146
Басыңа қонған бақытты,
Басыңа қонған бақытты,
Байлаулы деп ойлама.
Бақытың-біреу, қайғың-мың,
Түбіне жетер ой ғана.
Бармақтай бақтың бағасын,
Түсінбес құнын кей кісі!?
Бақытың кетсе басыңнан,
Қонады келіп қайғысы.
Күлкіге құрық салмағын,
Дәрідей бойға тарасын.
Жүректен шыққан күлкінің,
Саралай білші арасын.
Шындыққа қарсы оқ атпа,
Оқ атсаң, онда аласың.
Сезімге соқыр бой берсең,
Жүрекке жара саласың.