15.10.2021
171
Бақыт
Сорлап жүрсің билік айтар тақ болмай,
Жүрмін мен де басыма бір бақ қонбай.
Жердің беті — шахматтың тақтасы,
Тоқтамайтын корольдері мат болмай.
Тағдырыммен әзілдестім тіресіп,
Тақ пен бакқа қызыққам жоқ күресіп.
Бір кездері сүйген едім бір қызды,
Сол қызбенен кетсе керек ілесіп.
Маған солай, бәлкім, сізге күлкілі,
Бақыт деген — балмұздақтың бір түрі.
Оны көрсем одан бұрын мұз болдым,
Жанарымды жалықтырып жылтылы.
Оу, оң көзім, қабақ шытпа сол көзге,
Сен де, ей Бақ сәтсіз күні жол кезбе.
Танымас та ең, қонбас та ең бәрібір,
Бөтелкенің қасында едім ол кезде
Ақындардан арылған жоқ сор әлі,
Мойынымда - бар Әлемнің обалы.
Бақыт деген атақ, мансап болса егер,
Бақытсыз-ақ күн көруге болады!
Жүрмін мен де басыма бір бақ қонбай.
Жердің беті — шахматтың тақтасы,
Тоқтамайтын корольдері мат болмай.
Тағдырыммен әзілдестім тіресіп,
Тақ пен бакқа қызыққам жоқ күресіп.
Бір кездері сүйген едім бір қызды,
Сол қызбенен кетсе керек ілесіп.
Маған солай, бәлкім, сізге күлкілі,
Бақыт деген — балмұздақтың бір түрі.
Оны көрсем одан бұрын мұз болдым,
Жанарымды жалықтырып жылтылы.
Оу, оң көзім, қабақ шытпа сол көзге,
Сен де, ей Бақ сәтсіз күні жол кезбе.
Танымас та ең, қонбас та ең бәрібір,
Бөтелкенің қасында едім ол кезде
Ақындардан арылған жоқ сор әлі,
Мойынымда - бар Әлемнің обалы.
Бақыт деген атақ, мансап болса егер,
Бақытсыз-ақ күн көруге болады!
Маралтай Райымбекұлы Маралтай Райымбекұлы өлеңдері Маралтай Райымбекұлы шығармашылығы бақыт Бақыт деген атақ мәнсәп