15.10.2021
116
О. Бөкейге
Қарсы ала алмайтын ертеңгі таңды,
Түндегі отпен тұлданған, өшті ол бірге.
Келмеске маңды —
Европадай ұрланған.
Фәниде пенде өзегін бір жылт,
Мекендер.
Сөнер — сен сонсең.
Сарғалдақ — депті, Ол — сағынышты жұрт,
Сағыныш — түссіз, сенсең сен!
Түсіне еніп, тіліне тамған,
Уды бал ету — кәсібі.
Мүйіздерінде шырақтар жанған,
Бұғыдай әулие, әсілі.
Сол жанды неге түсімде көрдім,
Сіздегі торға қамалған...
Босатып қайта, бостандық бергін,
Сағындық Оны, я, Аллам!
Түндегі отпен тұлданған, өшті ол бірге.
Келмеске маңды —
Европадай ұрланған.
Фәниде пенде өзегін бір жылт,
Мекендер.
Сөнер — сен сонсең.
Сарғалдақ — депті, Ол — сағынышты жұрт,
Сағыныш — түссіз, сенсең сен!
Түсіне еніп, тіліне тамған,
Уды бал ету — кәсібі.
Мүйіздерінде шырақтар жанған,
Бұғыдай әулие, әсілі.
Сол жанды неге түсімде көрдім,
Сіздегі торға қамалған...
Босатып қайта, бостандық бергін,
Сағындық Оны, я, Аллам!
Маралтай Райымбекұлы Маралтай Райымбекұлы өлеңдері Маралтай Райымбекұлы шығармашылығы Бөкейге сағыныш өлең бостандық Алла