15.10.2021
232
ЕЛУ ЖАС
Елу жас деп
Тойлап жатыр демесе,
Бар болғаны
Екі жиырма бес жеңеше.
Он сегіздің
Алауы тұр бойыңда,
Алып ұшқан
Үш он жеті немесе.
Бұл өмірдің
Ауыр сынын еңсеріп,
Жан-жарыңа
Арнапсың сен,
Елу жасты тең бөліп.
Гүлдей баптап,
Ұшырған үш аққуың.
Нұрланып жүр,
От басыңа өң беріп.
Тағдыр жазған
Пенде соны көруде.
Ақылдысың,
Алуға да беруге.
Мойындаймын,
Баянды бақ тілеймін.
Нағыз ана,
Нағыз әйел елуде.
Тағдырыңды
Ақ жүрегің демесін,
Жанарыңмен
Мейірім шуақ себесің.
Сырға толы
Қарапайым қалпыңмен,
Бұл жалғаннан
Тек жақсылық тересің.
Жақсылығың
Шуақ болып таралар,
Құшағыңды
Құлындарың паналар.
Аман болсын
Мына асқақ өмірде,
Асыл жанды
Өзің тектес аналар.
Еркелейтін
Бір кездегі елік қыз,
Елудің де
Ауылына келіпсіз.
Жан жүрегің
Жас күніңдей лаулаған,
Қызығумен қараймыз біз еріксіз.