15.10.2021
  147


Автор: Дәркен Танабаев

ДОСТЫҚ ПОРТЫ

Кепкен Арал құмындай,
Қасіретке ұрынбай.
Сақтау керек Каспийді,
Көздің қарашығындай.
Бұрғы тескен табанын,
Адам көп-ау амалың.
Күңіренген қобыздай,
Тартқан теңіз азабын.
Кезіп қанша шақырым,
Теріп дүние бақырын.
Көк жалында толқыған,
Жүзер кеме ақырын.
Достық портын ашқалы,
Кеңіді ел аспаны.
Иран, Баку, Ашхабад,
Құшақ жая бастады.
Еміп жатқан теңізді,
Бес мемлекет негізгі.
Аш көзденбей ағайын,
Күтім керек ең ізгі.
Мейіріне қанықпыз,
Қазағымды танытқыз.
Келіңіздер Ақтауға,
Қонақ сүйер халықпыз.





Пікір жазу