Туындылар ✍️
Туындылар ✍️
14.10.2021
164
Тоты құс ойыны
Ойынға қатысушылар дөңгелене тұрады да, бір бала ортаға шығады. Оның көзі таңылады. Ол тордағы тоты құс деп саналады. Басқалары қол ұстасқан қалпы құсты айнала жүріп әндетеді:
Тоты құс-ау, тоты құс –
Жақсы көрер досымыз.
Әнге құлақ тосыңыз,
Кім боламыз осы біз? –
деп, кілт тоқтай қалады. Сол кезде тоты құс ту сыртында тұрған баланың атын дәл тапса, аты аталған бала тордағы тоты құстың орнында қалады да, ойын әрмен қарай жалғасады.
Ойын баланы зерек, сергек болуға тәрбиелейді.
Абдрахман Асылбек шығармашылығы ойын балабақша ойындары балаларға арналған спорт ойындар Тоты құс құс