14.10.2021
383
![](/uploads/shorttexts/author_image/unnamed[14].jpg)
Қара шашың шашылса
Қара шашың шашылса,
Менің қара мұңымдай.
Ерінің сәл ашылса,
Шым батырар шырындай.
Тойға тоймай көз қалған,
Рақат сыйлап реңің.
Тоқтап барып қозғалған,
Жүрекке ұқсас жүрегім.
Жұлдыз ағып барады,
Жанарыңда жарқылдап.
Жаным көшіп барады,
Қобыз тартып қаңқылдап.
Сағым кезіп санасын,
Сарғайып жүр демейсің.
“...Қарғам!" — деуші ед анашым,
Қарғадай қыз, не дейсің?!
Менің қара мұңымдай.
Ерінің сәл ашылса,
Шым батырар шырындай.
Тойға тоймай көз қалған,
Рақат сыйлап реңің.
Тоқтап барып қозғалған,
Жүрекке ұқсас жүрегім.
Жұлдыз ағып барады,
Жанарыңда жарқылдап.
Жаным көшіп барады,
Қобыз тартып қаңқылдап.
Сағым кезіп санасын,
Сарғайып жүр демейсің.
“...Қарғам!" — деуші ед анашым,
Қарғадай қыз, не дейсің?!
Маралтай Райымбекұлы Маралтай Райымбекұлы өлеңдері Маралтай Райымбекұлы шығармашылығы Қара шаш қарғам той Жанар қыз