14.10.2021
  133


Автор: Абдрахман Асылбек

Балдырғандар сөздігі

Бір әріптен тұратын сөздер


И — теріні жібітетін ашытқы


И — етістік: ағашты, темірді ию


У — зәр, ащы


 


Екі әріптен тұратын сөздер


Ай — жер серігі


Аз — кем, шамалы


Ақ — түр, түс


Ақ — адал, таза, пәк


Ал — етістік: бір нәрсені алу


Ар — намыс


Ас — тағам, дәм


Ас — етістік: белден, таудан асу, ет асу


Ат — адамның аты, есім


Ат — жылқы


Ат — етістік: мылтық ату


Ау — балық, құс аулайтын тор


Аш — қарны ашқан адам


Аш — етістік: есік ашу, терезе ашу


Аю — тағы аң


Ая — алақанның аясы


Ая — етістік, біреуді, малды аяу


Әз — үлкен, ақылды, дана


Әк — утас


Әл — күш, қуат


Ән — әуен, мақам


Би — билеу өнері


Би — әкім, төре


Бу — судың буы


Бу — етістік: бірнәрсені буу


Гу — шу, үн


Ду — ызың, шу


Ел — халық, жұрт


Ек — егін егу


Ен — таңба, белгі


Ер — еркек, ұл бала


Ер — аттың ері


Ер — етістік: біреуге еру


Ес — ой, сана, жады


Ес — жіп есу


Ет — малдың еті


Ит — адамға дос жануар


Же — етістік: тамақ жеу,


Жи — етістік: төсек жинау


Жу — етістік: бет жуу, кір жуу


Зу — дыбыс, үн


Қи — малдың қиы, тезек


Қи — етістік: бір нәрсені қию


Ки — етістік: киім кию


Қу — аққу


Қу — кепкен шөп, қамыс


Қу — өтірікші, зымиян, арам


Қу — етістік: қыз қуу, шыбын қуу


Ми — бастың миы, ақыл


Ой — ақыл, ес


Ой — етістік: мұзды ою


Оқ — мылтықтың оғы


Ор — шұңқыр, жыра


Ор — етістік: шөп ору


От — от жағу


От — шалған шөп


Оң — оң қол, жақсы іс


Ою — өрнек, бедер


Өң — түр, түс, ажар


Өр — биік, қия


Өр — етістік: шаш өру, қамшы өру


Өт — адамның, малдың өті


Өш — қас, жау


Ру — ел, ата-тек


Су  өзен, көл, теңіз


Ту — жалау, байрақ


Ұн — бидайдың ұны


Үн — дыбыс


Ыс — түтін


Іс — жұмыс


Іш — адамның, малдың іші


Ши — шырпы өсімдік


Шу — айқай-шу





Пікір жазу