14.10.2021
185

Жаза
Алладан деп не болса да алдымен,
Азапқа сап сансыраттым жанды мен.
Құс қайтқанда қиқулайды жүрегім
Уысында тағдырымның қан-күрең.
Құлақ тұнып керней менен дабылдан,
Бүкіл патша аударылып тағынан.
Ақын біткен Абылды іздеп өксиді,
Жаратылған қара жүрек Қабылдан.
Не дейді бұл ессіз көңіл...
жел түрген —
Өзім қашып өзім жаққан өртімнен.
Қу жанымды қоярға жер таптырмас,
Қабылға ұқсап Абыл бауырын өлтірген.
Құлақ түнар керней менен дабылдан...
(Сол бір сәтті жалғыз сіз бе сағынған!)
Шын патшаға мың патшаның атымен
Абыл жаулап алатын күн Қабылдан.
Азапқа сап сансыраттым жанды мен.
Құс қайтқанда қиқулайды жүрегім
Уысында тағдырымның қан-күрең.
Құлақ тұнып керней менен дабылдан,
Бүкіл патша аударылып тағынан.
Ақын біткен Абылды іздеп өксиді,
Жаратылған қара жүрек Қабылдан.
Не дейді бұл ессіз көңіл...
жел түрген —
Өзім қашып өзім жаққан өртімнен.
Қу жанымды қоярға жер таптырмас,
Қабылға ұқсап Абыл бауырын өлтірген.
Құлақ түнар керней менен дабылдан...
(Сол бір сәтті жалғыз сіз бе сағынған!)
Шын патшаға мың патшаның атымен
Абыл жаулап алатын күн Қабылдан.
Маралтай Райымбекұлы Маралтай Райымбекұлы өлеңдері Маралтай Райымбекұлы шығармашылығы жаза құлақ патша Абыл Қабыл ақын